Мерекелік шоу Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары арасындағы ашылу матчына шамамен бір жарым сағат қалғанда басталады.
Ұйымдастырушылар әлемдік жұлдыздардың қатысуымен ауқымды музыкалық бағдарлама әзірледі.
Сахнада David Guetta, EJAE, Megan Thee Stallion және әйгілі италиялық тенор Andrea Bocelli өнер көрсетеді.
Кештің басты музыкалық оқиғасы Шакираның өнер көрсетуі болмақ. Колумбиялық әнші нигериялық әртіс Burna Boyмен бірге турнирдің ресми әні – «Dai Dai» композициясын орындайды.
Сондай-ақ шоуға J Balvin, Tyla, Danny Ocean және Alejandro Fernández қатысады.
Қазақстандық жанкүйерлер әлем чемпионатының ашылу салтанатын және Мексика – ОАР матчын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Әлем чемпионатының алғашқы ойыны Мехикодағы әйгілі Estadio Azteca стадионында өтеді.
Мексика мен ОАР құрамалары арасындағы кездесу Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де басталады.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты